Сабақ көрнекілігі: Қауіпсіздік ережесі жазылған плакаттар. Слайд шоу icon

Сабақ көрнекілігі: Қауіпсіздік ережесі жазылған плакаттар. Слайд шоу

Реклама:



НазваниеСабақ көрнекілігі: Қауіпсіздік ережесі жазылған плакаттар. Слайд шоу
страница2/7
Дата15.06.2013
Размер1.24 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7
Файл дегеніміз – аты бар және белгілі бір белгілері бойынша біріктірілген байттар тізбегі. Компьютердің файлдармен жұмыс жасау және сақтау жүйесі – файлдық жүйе жеп аталады.

Windows операциялық жүйесі әртүрлі файлдық жүйелерді қолдана алады.

Windows 95, 98 және Ме FAT және FAT32 файлдық жүйесімен жасайды, ал Windows 2000 және ХР қосымша жоғары сенімді NTFS файлдық жүйесін қолдана алады.

Кез келген файлдық жүйеде файлдар дискіде орналасқан әртүрлі папкаларда сақталады. Компьютерде бірнеше диск қоюға болады. Кез келген қатқыл дискті, иілгіш дискті, компакт дискті және желілік дискті біз алдағы уақытта диск деп атайтын боламыз. Себебі олардың бәрінде файлдардың сақтауды ұйымдастырудың принципі бірдей. Әрбір дискке латын алфавитінің A-дан Z-ке дейінгі бір әрпі ереже бойынша меншіктеледі. А әрпімен иілгіш диск белгіленеді. С – мен компьютердің Windows папкасы орналасқан негізгі дискісін белгілейді. D және келесі әріптермен қалған дискілер белгіленеді.

Диск атын көрсеткенде әріптен соң «:» символы қойылады. Ол берілген әріптің диск атауы екенін білдіреді. Мысалы: А: немесе С:.

Әрбір дискіде әртүрлі файлдар жиыны орналасады. Кез келген файл дискінің өзінде, яғни түпкі каталогта немесе бір папканың ішінде орналасқан келесі папканың ішінде орналасуы мүмкін.

Файлдар әртүрлі папкаларда орналасатындықтан дискіде бір атпен бірнеше файл сақтауға болады. Бір папканың келесі бір папканың ішінде орналаса алатын дискіде информация сақтау құрылымы иерархиялық немесе ағаш тәрізді деп аталады. Мұндай құрылым шынында да әрбір жапырағы файл, әрбір бұтағы папка болатын терекке ұқсас болады.

Бұндай жағдайда берілген файлды дәл анықтау үшін оның атын және орналасқан жерін беру керек. Орналасқан жері деп файл орналасқан диск пен файл сақталған барлық папкалар айтылады. Файлдың дәл орналасу жерін файлдың толық аты немесе файлға апаратын жол деп атайды.

Файлдың толық атын көрсеткенде папка атаулары бір-бірінен және диск атауынан кері көлбеу «\» сызық арқылы ажыратылады.

Мысалы: С:\Мои документы\Мои рисунки\Я в молодости.jpg

Бұл Я в молодости файлы С дискісіндегі Мои докумены папкасының ішінде орналасқан Мои рисунки папкасында сақталғанын көрсетеді.

Файл атауы екі бөліктен тұрады. Нүктеге дейінгі бөлік және нүктеден кейінгі бөлік. Нүктеге дейінгі бөлік файлдың қолданушы қойған атауы, ал нүктеден кейінгі бөлік файлдың кеңейтілуі деп аталады. Файл кеңейтілуі үш әріптен тұрады және файлда сақталған информацияның түрін көрсетеді.

Мысалы: doc – Word құжаты екенін көрсетеді. wav – дыбыстық файл екенін көрсетеді. jpg – бейне екенін көрсетеді.

Windows-тағы маңызды ұғымның бірі жарлық. (ярлык) Windows-та кез келген обьектіге басқа жерден сілтеме қоюға болады. Осындай сілтемелерді жарлық деп атайды. Мысалы жиі қолданылатын файл көптеген файлдың ішінде орналасқан болса оған қатынасу уақыт алады. Мұндай жағдайда сол файлдың жарлығын құрып, жұмыс столына шығарып қойса оған қатынасу жеңілдейді.

Windows графикалық интерфейсті болғандықтан мұқндағы бар жұмыс таңбашалар мен белгілермен жұмыс түрінде ұйымдастырылады. Windows-тің негізгі обьектілері таңбашалар мен белгішелер. Мысалы программаны ашу үшін, папкаларды ашу үшін оның белгісінде маусты шерту арқылы жүзеге асырылады. Жұмысты басттауға арналған негізгі кнопка есептер панеліндегі Пуск батырмасы. Жүйеде орнатылған барлық программаға осы батырма арқылы шығамыз.


Бекіту сұрақтары:

  1. Файл дегеніміз не?

  2. Файлдың атауы неше бөліктен тұрады?

  3. Файлдың кеңейтілуі нені білдіреді?

  4. Диск атауын қалай белгілейді?

  5. Windows папкасы қай дискіде орналасады?

  6. Информация сақтаудың иерархиялық құрылымы қандай болады?

  7. Файлдың толық атауы нені білдіреді?


Үйге тапсырма лекцияны оқып келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар



Топ :













Күні:













Тақырыбы: ^ Windows-пен жұмыс істеу негіздері.

Сабақ мақсаты: а) Windows-тың негізгі элементерімен таныстыру.


Б) Windows-пен жұмыс жасау негіздерін, негізгі элементтерін қолдануды үйрету.


В) Оқушыларды ізденімпаздыққа, жүйелі жұмыстануға үйрету.


Сабақ көрнекілігі: Маус, пернетақта, жұмыс столы.

Сабақ түрі: Лекция

Сабақ әдісі: Лекция оқу

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ түсіндіру

Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар қою

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар ма?

Өткен сабақта біз файлдық жүйемен таныстық. Операциялық жүйенің файлдармен жұмыс істеу тәсілдерін, олардың атауы жөнінде әңгімеледік.

Өткен тақырып бойынша мынадай сұрақтар.

  1. Файл дегеніміз не?

  2. Файлдық жүйе дегеніміз не?

  3. Файлдың атауы неше бөліктен тұрады?

  4. Файлдың кеңейтілуі нені білдіреді?

  5. Диск атауын қалай белгілейді?

  6. Windows папкасы қай дискіде орналасады?

  7. Информация сақтаудың иерархиялық құрылымы қандай болады?

  8. Файлдың толық атауы нені білдіреді?

Үй тапсырмасын сұрап болған соң жаңа сабақты түсінідруге кірісемін. Жаңа сабақ лекция түрінде өтеді. Дәптерлеріңе жазып отырыңыздар. Сабақтың тақырыбы Windows-пен жұмыс істеу негіздері

Компьютерде жұмыс жасауды үйрену үшін операциялық жүйемен жұмыс жасаудың негізгі принциптерін меңгеру керек. Жүйемен жұмыс жасау негізін үйренген адамға Windows басқаруымен жасайтын басқа программаларды меңгеру оңай. Себебі олардың жұмыс жасау принциптері ортақ. Windows-та әрекеттің көбі маус арқылы орындалады. Сондықтан да маусты қолдануды үйренуге көп көңіл бөлген жөн. Пернетақта да компьютер басқаруда қолданылады, бірақ ол маусқа қарағанда сирек пайдаланылады. Дегенмен пернетақтамен де жұмыс жасап жаттығу керек.


Windows-ты іске қосу және онымен жұмысты аяқтау.

Компьютер іске қосылған соң, басқару операциялық жүйеге беріледі. Компьютердің операциялық жүйесі жұмысты бастағанда экранға операциялық жүйенің версиясын көрсететін заставка шығады. Жүйе жүктеліп болған соң Windows-тың жұмыс столы пайда болады. Жұмыс столы - Windows-тың таңбашалары мен белгішелері орналасқан экран. Жұмыс столының төменгі жағында Пуск батырмасы орналасқан жолақ есептер тақтасы деп аталады. Экранда жұмыс столы пайда болған соң компьютер қосылып, жұмыс істеуге дайын деген сөз.

Жұмыс істеп болған соң компьютерді сөндіру қажет. Бұл тым қарапайым процесс деп ойлауға болмайды. Windows-пен жұмыс жасайтын компьютерді дұрыс сөндіру өте маңызды. Себебі Windows-тың жұмысы кезінде компьютерді ток көзінен айырып тастау, жүйелік информацияларды бүлдіріп, компьютердің жұмысын бұзуы мүмкін. Windows-пен жұмысты аяқтау үшін алдымен барлық жұмыс жасап тұрған программаларды жабу керек. Содан соң Пуск-Завершение работы кғомандасын орындайды. Экранға шыққан диалог терезеде Выключить қатарын таңдайды. Компьютер бірден сөнбейді. Әзір ол толықтай сөнгенше бір минут уақыт өтеді. Компьютер сөнген соң, мониторды ток көзінен айыру керек.

Компьютерді сөндірген бойда бірден іске қосуға болмайды. Оны қайта іске қосу үшін кем дегенде бірер минут уақыт өтуі тиіс


Маус пен пернетақтаны қолдану.

Маус әртүрлі болады. Оның кем дегенде екі батырмасы болады. Оптикалы-механикалық маустың ішінде резинамен қапталған, темір шаригі болады. Ол маусты дөңгелеуі керек. Кеәйбір беттерде ол дөңгелемей сырғанап кететін болғандықтан, мұндай маустардың арнайы кілемшесі болады. Кілемше беті тұтқыр болып келеді де, шариктің сырғанап кетуіне жағдай туғызбайды.

Ал, оптикалық маустарда мұндай қозғалыс бөлігі жоқ. Бұл маустар айнадан өзге беттерде жұмыс жасай береді. Мұндай маус үшін кілемшенің қажеті жоқ. Ол механикалық маусқа қарағанда қымбаттау, бірақ қазіргі уақытта көп қолданушылар осы маусты қолданады.

Ал жұмыс жасауға провод кесел келтірсе, онда сымсыз маустарды қолдануға болады. Тек олардың батареясын ауыстырып отыру керек.

Windows-пен жұмыс жасағанда экран бетінде маустың көрсеткіші маустың қозғалу бағытына қарай орын ауыстырып отырады.

Маустың әр батырмасының атқаратын қызметі бар. Windows-пен жұмыс көбінесе маус арқылы орындалатындықтан, мауспен жұмыс дағдысы, оның батырмаларының функцияларын білу өте маңызды.

Маустың көп қолданылатын батырмасы сол жақ батырмасы. Ол шерту санына қарай мынадай қызметтер атқарады. Сол жақ батырманы бір рет шерту обьектіні белгілейді. Екі рет шерту программаны іске қосады немесе құжатты ашады. Оң жақ батырмасы қосымша батырма. Ол контекстік немесе жанама менюді шақыру үшін қолданылады.

Пернетақта қоданушыдан компьютерге ақпарат енгізуге арналған. Пернетақта түріне, пернелердің орналасуына қарай өзгешеліктері болуы мүмкін. Бірақ барлық пернелер кез келген пернетақтада мынадай топтарға бөлінеді.

Функционалдық пернелер.

Басқару пернелері.

Алфавитті-цифрлық пернелер.

Қосымша цифрлық пернетақта

Курсорды басқару пернелері.

Әр перненің атқаратын қызметі бар. Кейде әрекет орындау үшін пернелер комбинациясы да қолданылады.


Негізгі меню программаларды іске қосу және онымен жұмысты аяқтау.

Экраннның төменгі жағындағы жолақ есептер тақтасы деп аталады. Оның сол жағында Пуск батырмасы орналасқан. Пуск батырмасы негізгі менюді іске қосады. Windows ХР-дің негізгі менюі басқа версияларға қарағанда өзгешелеу. Мұнда жиі қолданылатын программалардың атауы негізгі менюдің сол жақ бөлігіне кіргізіледі де, көп қолданылмайтындары шығарылып тасталады. Негізгі менюдегі кейбір командалардың жанында оң жаққа бағытталған үшбұрыш орналасқан. Ол сол меню командасының бағынышты меню командалары бар екенін көрсетеді.

ПРограмма атауы негізгі менюден таңдалып, маусты шерткенде программа іске қосылады. Яғни, экранға прорамма терезесчі пайда болады. Программамен жұмысты аяқтау үшін Файл –Выход немесе Alt+F4 пернелер комбинациясын немесе Закрыть батырмасын қолданады.


Терезе.

Программа іске қосылғанда оның терезесі ашылады. Терезе дегеніміз – жақтаулармен қоршалған экранның жұмыс аймағы. Терезені жылжытуға, өлшемін өзгертуге болады. Терезенің мынадай элементтері бар.

  1. Тақырып жолы. Онда программа атауы және терезені басқару батырмалары орналасады.

  2. Меню жолы. Бұл қатарда меню командалары орналасқан.

  3. Құралдар тақтасы. Жиі қолданылатын командаларға тез қатынасу батырмалары ораналасқан.

  4. Жұмыс аймағы. Терезенің ең үлкен аймағы. Мүнда терезенің обьектілері немесе жұмыс жасау ортасы болады.

  5. Қалып күй қатары.

Программа іске қосылған кезде есептер тақтасында прорамма белгісі орналасады. Егер бірнеше программа іске қосылып тұрса, жұмыс істеп отырған прорамманың белгісі ерекшеленіп тұрады. Қажетті терезеге ауысу үшін оның есептер тақтасындағы белгісінде шертуге болады.


Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары:

  1. Жұмыс столы дегеніміз не?

  2. Есептер тақтасы дегеніміз не?

  3. Маустың қандай түрлері болады?

  4. Пернетақтаның пернелері қандай топтарға бөлінеді?

  5. Негізгі меню дегеніміз не?

  6. Терезе деп нені айтады?

  7. Терезенің қандай элементтері бар?


Үйге тапсырма лекцияны оқып келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар.



Топ :













Күні:













Тақырыбы:

Сабақ мақсаты: а)


Б)


В)


Сабақ көрнекілігі:

Сабақ түрі:

Сабақ әдісі:

Сабақ типі:

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ түсіндіру

Жаңа сабақты бекітуге есептер шығару

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау



Топ :













Күні:













Тақырыбы: ^ Программамен жұмыс және анықтамаларды қолдану.

Сабақ мақсаты: а) Операциялық жүйенің негізгі программлары мен олардың қолданылуын түсіндіру.


Б) Программалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін, жұмыс жасаудың қолайлы әдіс-тәсілдерін меңгерту.


В) Операциялық жүйе туралы алғашқы мәліметтерді беру арқылы әрі қарай ізденіп оқуды қалыптастыру.


Сабақ көрнекілігі: Windows XP негізгі программалары

Сабақ түрі: Лекция

Сабақ әдісі: Лекция оқу, түсіндіру

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ түсіндіру

Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар ма?

Үй тапсырмасы өткен тақырыптарды қайталап келу.

Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар:

  1. Операциялық жүйе дегеніміз не?

  2. Windows-тың даму тарихы қашаннан басталды?

  3. Windows 2.0 версиясы қашан пайда болды?

  4. Windows 3.0 версиясы қашан пайда болды?

  5. Windows NT версиясы қашан пайда болды және ол қандай мақсатқа арналды?

  6. Windows 95 жүйесі туралы не айта аласың?

  7. Windows Ме қандай артықшылықтары болды?

  8. Windows ХР қай жылы жазылды?

  9. Windows ХР-дің қандай варианттары бар?

  10. Файл дегеніміз не?

  11. Файлдық жүйе дегеніміз не?

  12. Файлдың атауы неше бөліктен тұрады?

  13. Файлдың кеңейтілуі нені білдіреді?

  14. Диск атауын қалай белгілейді?

  15. Windows папкасы қай дискіде орналасады?

  16. Информация сақтаудың иерархиялық құрылымы қандай болады?

  17. Файлдың толық атауы нені білдіреді?

  18. Жұмыс столы дегеніміз не?

  19. Есептер тақтасы дегеніміз не?

  20. Маустың қандай түрлері болады?

  21. Пернетақтаның пернелері қандай топтарға бөлінеді?

  22. Негізгі меню дегеніміз не?

  23. Терезе деп нені айтады?

  24. Терезенің қандай элементтері бар?

Жаңа сабақ Программалармен жұмыс.

Компьютердегі негізгі жұмыс – ол әртүрлі программлармен жұмыс жасау болып табылады. Windows-пен жұмыс кезінде кейбір сұрақтарға жауапты анықтама жүйесінен табуға болады.

Қазір біз Windows-та программалармен қалай жұмыс жасайтынын қарастырамыз.

Windows-та текстпен жұмыс жасайтын бірнеше прораммлар бар. Олардың ішіндегі ең қарапайымы Блокнот программасы. Бұл Windows операциялық жүйесінің құрамына кіретін стандартты программасы. Пуск-Программы-Стандартные-Блокнот командасы Блокнотты іске қосады. Блокнот терезесінің ортаңғы ең үлкен аймағын оның текст енгізетін жұмыс аймағы алып жатыр.

Блокнот не үшін қолданылады:

1. Текстік құжаттармен жұмыс жасауды үйренуді бастағандар үшін Блокнот үйретуші ролін атқарады. Негізінде текстпен толық жұмыс жасау үшін Microsoft Word сияқты қуатты программалар қолданылады. Бірақ жаңадан үйренушілер үшін қарапайым тексттік редакторынан бастаған дұрыс. Себебі, мұнда қателсесетіндей артық батырмалар мен командалар жоқ.

2. Кез келген сала адамдары Блокнотты аздаған текстер мен ескертпелер жазып қоюға қолданады. Мысалы, программа құрушылар мұндай текстік құжаттарға қолданушыларға арналған әртүрлі түсініктемелер мен нұсқауларды жазады.

3. Жоғары білікті мамандар немесе жүйелік администраторлар Блокнотты әртүрлі командалық және конфигурациялық файлдарды қарау және өңдеу үшін қолданады. Бұлар BAT, CMD, INI типті кеңейтілуі бар файлдар болуы мүмкін. Бұл файлдармен қуатты редакторлерде жұмыс жасау ыңғайсыз.

4. Блокнот көмегімен HTML тілін қолданып, Web-құжаттарды құрып өңдеуге болады. , Web-құжаттармен жұмысты жеңілдететін арнайы программалар бар болғанымен де, бастапқы кезеңде HTML тілін үйрену үшін Блокнот қолайлы. Сонымен бірге көптеген прораммалау тілдерінде жазылған прорамма текстерін Блокнот көмегімен қарап шығуға және редакторлеуге болады.

WordPad - бұл Блокнотқа қарағанда мүмкіндігі кеңейтілген , бірақ кейбір қуатты программаларға қарағанда қарапайым текстік редактор.

WordPad-тың негізгі мүмкіндіктері:

  1. әртүрлі шрифтілерді қолдана алу мүмкіндігі;

  2. жақтаулар мен абзац туралауын қолдана алу мүмкіндігі;

  3. Басқа программаларда құрылған обьектіні, мысалы, суреттерді қоя алу мүмкіндігі;

  4. Көптеген текстік форматтарды тани алу мүмкіндігі;

Бірақ текстпен қазіргі таңдағы деңгейде жұмыстануға WordPad жарамайды. Оның мынадай кемшіліктері бар:

  1. Кесте құру мен редакторлеуде;

  2. Тізім, жақтау, түс қолдану, колонкалар немесе басқа обьектілермен жұмыста;

  3. Графикалық обьектілер құрып оны текстпен біріктіруде;

  4. Орфография мен грамматиканы тексеруде;

  5. Жұмысты жеңілдету мен автоматтандыруға арналған функцияларының жоқтығы:

Paint графикалық редакторы.

Үйренушілер сурет салуда Paint графикалық редакторында үйренуден бастайды. Қарапайымдылығына қарамастан Paint кейбір көптеген күрделі жұмыстарды атқара алады.

Windows XP – де Paint программасы басқа версияларға қарағанда қосымша мүмкіндіктермен толықтырылған. Соның ішінде, ол көптеген BMP, JPEG, TIF, GIF, PNG графикалық форматтарымен жұмыс жасай алады. Келесі артықшылығы бейнелерді сканерден немесе цифрлық фотоаппараттан алу мүмкіндігі.

Paint жекелеген нүктелерден (пиксельдер) тұратын, растрлық бейнелер редакторы. Растрлық суреттерден құрылған фигурада суреттің бөлігін жекелей бөліп алып редакторлеуге болмайды. Растрлықтан басқа векторлық бейнелер де бар. Мұнда әрбір фигурамен жеке жұмыстануға болады.

Экранның көшірмесін алу.

Экран бетіндегі бейнелердің кескіні алу үшін PrintScreen пернесі қолданылады. Ойын экранының бейнесін, мультимедиалық программалар мен фильмдердің бейнелерін де осы тәсілмен алуға болады. PrintScreen пернесі экранның бейнесін алмастыру буферіне алады. Ал Alt+ PrintScreen пернелер комбинациясы экрандағы активті терезенің бейнесін алмастыру буферіне алады. Содан кейін алмастыру буферіндегі бейнені графиктік редакторлерге немесе мәтіндік редакторлерге орналастыруға болады.

Windows Media ойнатқышы.

Windows Media ойнатқышы көп функциялы программа, ол компьютерде ойын-сауық орталығы бола алады. Ол көптеген аудио және видео форматтарды ойната алады, компакт дискілермен және басқа құрылғылармен жұмыс жасай алады және Интернеттің ресурстарын қолдана алады.

Программа басқаруға оңай және қазіргі кездегі бапталатын интерфейсті болып табылады. Microsoft компаниясы бұл программаны жеілдіруге көп көңіл бөліп, әрдайым жаңа версияларын шығарып келеді. Windows ХР-дің құрамына 2003 жылғы шыққан Windows Media 9 версиясы кіреді. Ал Windows Media 10 версиясы 2004 жылы шығарылып, ал 2005 жылы Windows Media 11 версиясы шықты.

Сонымен бұл программа операциялық жүйенің құрамында болады, немесе оның жаңа версияларын жекелей де орнатуға болады.

Windows Media ойнатқышымен жұмыс кезінде кездескен проблемаларды шешу.

Ойнатқыштың сыртқы түрі бапталған соң кейбір қолданушылар басқару элементтерінің кейбіреулерін табуда қиындыққа кездеседі. Мұндай жағдайларда мынадай кеңесттерді ұсынамыз:

1) Егер ойнатқыш обложка режимінде тұрса, толық режимге ауысу үшін Ctrl+1 пернелерін басады.

2) Видеоны толық экрандық режимде ойнату кезінен кәдімгі режимге ауысу үшін Alt+Enter пернелерін басады.

3) Кәдімгі режимде жасырулы тұрып, ойнатқыштың есептер тақтасы көрінбеуі мүмкін. Есептер тақтасын көрсету үшін ^ Вид-Параметры полного режима-Скрыть панель задач командасын орындап, команда жанындағы белгіні алып тастау керек.

4) Ойнатқыш негізінен меню қатарынсыз көрінеді. Оны көру үшін маус көрсеткішін меню қатары орналасатын жерге апару керек.

Видео ойнату кезінде бейне көрінбеген жағдайда:

Видеофильмдер көбінесе DivX немесе MPEG4 сияқты әртүрлі сығу технологиясын қолданып жазылады. Мұндай жазбаларды ойнату үшін арнайы драйвер – кодек керек. Кодек сығылған видеофайлдарды ашуды жүзеге асырады. Өкінішке орай Windows ХР-де танымал видеожазба форматтары үшін кодектер жоқ. Сондықтан оларды қосымша орнату керек.

1   2   3   4   5   6   7



Реклама:

Похожие:

Сабақ көрнекілігі: Қауіпсіздік ережесі жазылған плакаттар. Слайд шоу iconСлайд для к семинару с предс ревкомиссий(1)

Сабақ көрнекілігі: Қауіпсіздік ережесі жазылған плакаттар. Слайд шоу iconСлайд для к семинару с предс ревкомиссий(2)

Сабақ көрнекілігі: Қауіпсіздік ережесі жазылған плакаттар. Слайд шоу iconСлайд для к семинару с предс ревкомиссий

Сабақ көрнекілігі: Қауіпсіздік ережесі жазылған плакаттар. Слайд шоу iconЦена Предоставление моделей на показ одежды, причесок
Музыкальные и танцевальные паузы для event мероприятий, шоу программ, праздников и т д

Сабақ көрнекілігі: Қауіпсіздік ережесі жазылған плакаттар. Слайд шоу icon4 сабақ Сабақтың тақырыбы
Білімділік: Оқушылардың табиғаттағы ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, ақпараттық процестермен таныстыру

Сабақ көрнекілігі: Қауіпсіздік ережесі жазылған плакаттар. Слайд шоу iconПән: 9 сынып информатика 47. Сабақ: Тақырып
Мақсаты: Оқушыларды «модель» ұғымымен таныстыру, моделдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру

Сабақ көрнекілігі: Қауіпсіздік ережесі жазылған плакаттар. Слайд шоу iconСценарий праздника «посвящение в пешеходы»
Перед началом шоу звучит песня «Всем, всем добрый день!», под которую через зрительный зал на сцену выходят клоуны

Сабақ көрнекілігі: Қауіпсіздік ережесі жазылған плакаттар. Слайд шоу iconҚайталау. Microsoft Word негіздері: құралдар тақтасы, құжаттарды форматтау
Сабақ мақсаты: а Оқушыларды Word мәтіндік процессорымен, онда құжат жасаудың негізгі әрекетерімен таныстыру

Сабақ көрнекілігі: Қауіпсіздік ережесі жазылған плакаттар. Слайд шоу iconВведение в нейролингвистическое программирование. Новейшая психология личного мастерства
Разумные люди приспосабливаются к окружающему миру. Неразумные люди приспосабливают мир к себе. Вот почему прогресс определяется...

Сабақ көрнекілігі: Қауіпсіздік ережесі жазылған плакаттар. Слайд шоу iconҚр бас прокурорының 2005 жылғы 2 қыркүйектегі №46, ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетi төрағасының 2005 жылғы 5 қыркүйектегі №167, Қр экономикалық
Трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау мәселесі бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушы салық төлеушілерге...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©web.chitate.ru 2000-2013
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы